Бакудегі “Жібек Жолы” турниріне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысатын спортшылар тізімін жариялады деп хабарлайды Olympic.kz.

2 сәуірге дейін жалғасатын халықаралық сында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды:

49 келі. Ермек Мәдиев

52 келі. Абай Қуандықов

56 келі. Оразбек Асылқұлов

64 келі. Сабыржан Бекбергенов

69 келі. Асланбек Шымбергенов

75 келі. Ермахан Жакпеков

Команданы Баку төріне бапкер Андрей Спиридонов бастап апарады. Жаттықтырушылар ұжымы «Жібек жолы» турнирінен 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алуды жоспарлап отыр.

Ақпарат Olympic.kz сайтынан алынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған