Болгария зертханасындағы қателіктің кесірінен футболшылар жаппай COVID-19 жұқтырды

Болгариядағы екі футбол командасының кем дегенде 19 футболшысы жергілікті зертханада жіберілген қателікке байланысты коронавирустық инфекция жұқтырды, деп хабарлады Sportstar. Бастапқыда «Царско село» командасының қорғаушысы Мартин Кавдански COVID-19 жұқтырған. Алайда оның коронавирусты анықтауға тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті, одан соң ол «Қара теңіз» командасына қарсы матчқа жіберілген. Осылайша, сараптамада кеткен қателік екі топтың да жаппай инфекция жұқтыруына әкеліп соқты. «Царско село» командасында үш жаңа жағдай, «Қара теңіз» командасында 16 коронавирус жағдайы анықталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.