Ескек есу спорты өкілдеріне карантиндегі үзіліс ауыр тигелі тұр

Карантиннен кейін спортшылардың қайта бабына келуі үшін кемінде жарты жыл керек. Бұл жөнінде ескек есу спорты бойынша елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Асхат Қалиақпаров мәлімдеді. Айтуынша, ұзақ үзілісте спортшылар физикалық бабын жоғалтып алған. Қалыптасқан жағдай әсіресе су спорты түрлерінің өкілдеріне ауыр тиіп жатыр. Өйткені судағы дайындықсыз болмайды. Ал үй жағдайындағы не ашық аспан астындағы әзірлікпен бапты ұстап тұру мүмкін емес. Қазір ұлттық құрама мүшелері өз аймақтарында жеке дайындық жүргізіп жатыр. Ал суға түсіп, арнайы әзірлікті пысықтауға әзірге рұқсат жоқ.  Асхат Қалиақпаров, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

– Үш ай отырдық. Балалар формасын жоғалтып алды. Сусыз болмайды бәрібір. Енді оны қайтып жинау үшін жатрты жыл керек. Ай сайын УТС-қа бару керек. Өйткені жоғалту оңай, қайтадан қалпына келуі қиын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.