Руслан жапаров бастаған таеквондошылар «German Open G1» турнирінде бақ сынайды

27 наурыз бен 1 сәуір аралығында Германияның Гамбург қаласында таеквондодан G1 санатындағы «German Open» халықаралық турнирі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Рейтингілік турнирге Қазақстан командасы толық құраммен аттанады. Атап айтар болсақ, Гамбург төрінде төмендегі спортшылар жүлдеге таласады.

Ерлер: 

58 келі. Елдос Ысқақ

63 келі. Эльдар Бірімбай

74 келі. Қайрат Сарымсақов

80 келі. Нұрлан Мырзабаев

80 келі. Рахым Әділханов

87 келі. Смайыл Дүйсебай

+87 келі. Руслан Жапаров

Қыздар: 

53 келі Фариза Алдоңғарова

67 келі. Ақсәуле Ерқасымова

+73 келі. Дениз Жансель

Сондай-ақ, облыстар есебінен Германияда Айтуар Шайкенов, Самат Темірханов, Сапарғали Әбдірашев (барлығы да 54 келі), Қазбек Бақтиярұлы (63 келі), Нұрсұлтан Мамаев (68 келі), Лес Әбдусамат (74 келі) және Нұрқанат Қожахмет (74 келі) бақ сынайды.

Ақпарат Olympic.kz сайтынан алынды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған