Триатлоннан Қазақстанда өтетін халықаралық дода кейінге шегерілді

Коронавирус пандемиясына байланысты триатлон бәсекесі 2021 жылдың 15 тамызына шегерілді. Айта кетерлігі, былтыр аталған додаға 50 елден 1400 спортшы жиналған болатын. Елордада өткен бәсекеге барлығы 20 Pro санатындағы спортшылар қатысты.
Қатысушылар әуелі 1,9 шақырым жүзіп өтіп, 90 шақырым велосипедпен, ал жүгіру бойынша 21 шақырым қашықтықты бағындырды. Қазақстандықтар ішінде ең үздік көрсеткішкен «Астана» велокомандасының менеджері Александр Винокуров қол жеткізген болатын. Ол барлығын 4 сағат 9 минут 8 секундта бағындырған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.