Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті

«ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» жобасының кезекті концертін жалғастыратын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы. Аз уақыт ішінде ұжым отандық және әлемдік музыка мәдениетінің ірі жетістіктерін кеңінен насихаттауға бағытталған көпсалалы концерттік және музыкалық-дәрістік қызметті дамытты. Аталмыш филармонияның жоғары кәсіби ұжымдары мен әртістері көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары.

KAZAKH QUARTET атты Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.

Ұжымның құрамы:
Айдар Тоқталиев – бірінші скрипка;
Алексей Лебедев – екінші скрипка;
Бекзат Сайлаубайұлы – альт;
Ернар Мыңтаев – виолончель.

Бүгінде мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті жоғары орындаушылық шеберлігі, мінсіз ойнау техникасы және ансамбльдік сезімі үшін Қазақстанның ең үздік камералық ұжымы аталды.

Концерттің онлайн-премьерасы 26 шілде күні сағат 19.00-де Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube арнасында өтеді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған