“Барыс” хоккей клубы бапкерлер құрамын толық бекітті!

“Барыс” хоккей клубы бірінші команданың бапкерлер құрамын бекітті, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлмдеді. Құрлықтық хоккей лигасының 2020/21 жылғы маусымында Юрий Михайлиске Георгий Верщагин, Александр Шимин, Адрней Шаянов және Алексендр Ахцигер көмектесетін болады. Сонымен қатар, құраманың видео-сарапшысы қызметін Сергей Тамбулов атқарады.

Георгий Верещагин Қарағанды хоккей мектебінің түлегі. Ол осыған дейін “Номад” құрамасында Юрий Михайлистің көмекшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ, Қазақстан жастар және студенттер құрамасының бапкерлер құрамынан табылған.

Андрей Шаянов өскемендік хоккей мектебінің түлегі болып саналады. Ресей Федерациясына еңбегі сіңген жаттықтырушы, балалар және жасөспірімдер хоккейінің маманы. Осыған дейін “Барыс” құрамасының бас бапкер және аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Осы маусымда “Барыс” жүйесіне енетін “Қар Барысы” хоккей құрамасының бапкерлер құрамында болған. Айта кетерлігі, Ахцигер мен Тамбулов құрлықтық хоккей лигасы пайда болғалы “Барыс” сапында, ал Александр Шимин “Барыс” құрамасына осыдан екі жыл бұрын қосылды.

Материал olympic.kz сайтынан алынды

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған