Ізімғали Саматбек грек-рим күресінен әлем чемпионы!
Болгария елінің астанасы София қаласында кадеттер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен мектеп-интернат-колледжіміздің жас талантты балуаны Саматбек Ізімғали 45 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалдық бәсекеге дейін қарсылас шақ келтірмеген балуанымыз, алғашқы айналымда кадеттер арасында Еуропа чемпионы әзірбайжан балуаны Фарид Садихлиді 15:4 есебімен жеңсе, одан кейінгі кездесулерінде үнді және иран балуандарын айқын басымдылықпен жеңіп, финалдық жолдамаға ие болды. Финалда өзбек балуаны Асадбек Бахрамовты бір минутта жауырынын кілемге тигізіп, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік Саматбек Ізімғали кадеттер арасында Азия және әлем чемпионы атағына ие болды. Осы грек-рим күресінен кадеттер арасында қазақ елінен 7 әлем чемпионы шықса, оның екеуі осы мектеп-интернат-колледжіміздің спортшылары. 2011 жылы Венгрияда Мейрамбек Айнағұлов 50 келі салмаққа дейін топ жарса, осы дара жолды Саматбек Ізімғали жалғастырды. Спортшымызды және грек-рим бөлімінің жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!
Грек-рим күресінен кадеттер арасында әлем чемпиондары Қазақстанна
• 1993 год. Владимир Ткаченко (83 кг).
• 1994 год. Валерий Матвиенко (83 кг).
• 1997 год. Айдын Сарсекеев (48 кг).
• 1999 год. Даурен Баяхметов (46 кг).
• 2011 год. Мейрамбек Айнагулов (50 кг).
• 2014 год. Ернар Фидахметов (54 кг).
• 2019 год. Саматбек Изимгали (45 кг).