Сарвиноз Миркадирова үстел теннисінен кадеттер арасында Сербия біріншілігінің жеңімпазы атанды!

Кадеттер арасында үстел теннисінен Сербия елінің ашық біріншілігінде (ITFF World Junior Curcuit) жекелей сында мектеп-интернат-колледжіміздің спортшысы Сарвиноз Миркадирова жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуге дейін барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, бәсекеге толы финалда Ресей елінің теннисшісі Светлана Дмитриенкодан 3:2 есібімен басым түсті. Спортшымызды және үстел теннисі бөлімінің жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!
Кадеттер арасында үстел теннисінен Сербия елінің ашық біріншілігінің жеңімпазы мектеп-интернат-колледжіміздің мақтанашы Сарвиноз Миркадированы әуежайдан күтіп алу рәсімі!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.