Бүгін 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, елімізде Абай күні болып белгіленді. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» ұйымдастыруымен тәрбиеші Әшімбаева Ляля апай ұлы ақынның қазақ әдебиетінің дамуына, халқына сіңірген еңбектерін атап өтті. Сонымен қатар спорт мектеп-интернат-колледжіміздің оқушылары ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды.