16 тамыз – спорт күніне орай спорт мектеп-интернат-колледжіміздің жаттықтырушылары мен тәрбиешілерден құралған «Ауыл тіршілігіндегі – қазақи спорт» атты дәстүрден тыс спорттан жарыс өтті. Бастапқыда 5 жұптан құралған жарыста, оқ бойы озып шыққан екі жұп жеңімпаз атанды. Бұл жұптар: Мананбаева Гаухар – грек-рим бөлімінің тәрбиешісі және Сарсебеков Саламат – грек-рим бөлімінің жаттықтырушысы. Жаңабаев Ерасыл – таэквондо бөлімінің жаттықтырушысы және Тулебаева Бақыт – садақ ату бөлімінің тәрбиешісі. Осы жарыста жеңімпаз атанған жұптарды шын жүректен құттықтаймыз!