Спорт мектеп-интернат-колледжімізге жас спортшыларды қабылдау науқаны аяқталды. Спортшыларды қабылдау емтихан тапсыру арқылы жүргізілді, емтихан кезіңде карантиндік іс-шаралар мен ережелер қатаң сақталды. Емтихан екі кезеңнен құралды. Алғашқы кезеңінде жалпы дене дайындағы бойынша жаттығулар топтамасы – 100 және 1000 метр қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру және турникке тартылу арқылы физикалық дайындықтарын көрсетсе, екінші кезеңде балалар өздері таңдаған спорт түрлері бойынша емтихан тапсырды. Екінші кезеңде спорттың 13 түрінен мектебіміздің жаттықтырушылары мен арнайы құралған комиссия мүшелері жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларды қабылдайды.