Қыркүйектің 26-күні, «Қала күні» мерекесіне орай, спорт мектеп-интернат-колледжіміздің барлық спорт бөлімдері арасында, «Достық сыйлаған туған өлкем!» атты суретшілер байқауы өтті. Бұл байқауда әр спорт бөлімінің оқушылары өз сурет туындыларын ұсынды. Туындыларды әділ қазылар мүшесі бағалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді атады.
Бас жүлдені – Мұқаш Шұғыла, 8 «б» сынып оқушысы, «Үстел теннисі» бөлімі
I орын – Манохин Влад, 8 «в» сынып оқушысы, «Семсерлесу» бөлімі
II орын – Слямхан Ерсұлтан, 10 «б» сынып оқушысы, «Семсерлесу» бөлімі
III орын – Байғалық Абайбек, 7 «а» сынып оқушысы, «Ұлдар боксы» бөлімі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз.