Тәуелсіз елдің ұрпағымыз

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай спорт мектеп-интернат-колледжімізде іс-шаралар легі басталды. Үстел теннисі бөлімінің тәрбиешісі – Султанова Ботакөздің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты тақырыпта онлайн форматта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу. Оқушыларға азаттығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей білуге баулу. Оқушылардың бойында патриоттық сезімінің қалыптасуына ықпал жасау.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.