16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай іс-шаралар легі жалғасуда. Еркін күрес бөлімінің тәрбиешісі – Мақпал Қияшаеваның ұйымдастыруымен «Мәңгілік мұратымыз – тәуелсіздік» атты тақырыпта қашықтықтан ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолында ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету; туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.