Спорт мектеп-интернат-колледжімізде іс-шаралар легі жалғасуда. Жүзу бөлімінің тәрбиешісі Сүлейменова Сара Асанханқызының жетекшілігімен спортшылар арасында «Бабалар аманаты – Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағатында жүзу бөлімінің спортшылары тәуелсіздік күніне өлең шумақтарын оқып, спорттық аренада жеткен жетістіктерімен бөлісті.