Спорт мектеп-интернат-колледжімізде 16 желтоқсан – тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар легі жалғасуда. Бокс бөлімінің тәрбиешісі Алиаскарова Назгүл апайдың жетекшілігімен Тәуелсіздік күніне орай жас боксшыларымызбен бірге «Тәуелсіздіктің болашақ чемпиондары» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шарада жас боксшыларымыз Тәуелсіздік күніне арнап өлең шумақтарын оқып, қолдарынан шыққан сурет туындыларын ұсынды.