Үстел теннисінен чемпиондарды марапаттау рәсімі!

Спорт-мектеп-интернат колледжімізде үстел теннистен ересектер арасындағы ел біріншілігінде топ жарған спортшыларымызды марапаттау рәсімі өтті. Мекеме директоры Ернар Таласбекұлы теннисшілерді айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта бұдан да биік шыңдарды бағындырып, әлем және олимпиада чемпионы болуына тілектес екенін білдірді. Сонымен қатар Евгений Анатольевич Тимченко бастаған үстел теннис бөлімі жаттықтырушылар құрамын осы жеңістерімен құттықтап, еліміздің болашақ үстел теннистен чемпиондарды дайындаудағы еңбектерін атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Қарағанды қаласында өткен ел біріншілігінде мектебіміздің спортшылары тамаша нәтиже көрсетті. Артухметов Ирисбек командалық есепте 3 орын, жекелік есепте 3 орын, жұптық есепте 3 орын. Бахыт Анель командалық есепте 3 орын, жұптық есепте 1 орын , аралас жұптық есепте 1 орын. Романовская Ангелина жұптық есепте 1 орын. Миркадирова Сарвиноз командалық есепте 3 орын, жұптық есептен 3 орын, жекелік есепте 1 орын. Усіпбаева Аида командалық есепте 3 орын, Торгайбеков Амир команда лық есепте 2орын. Таншолпан  Шапей командалық есепте 3 орын. Чемпионаттың қорытындысы бойынша: Бахыт Анель, Романовская Ангелина, Миркадирова Сарвиноз үстел теннистен ұлттық құрама мүшесі атанды. Спортшыларымызды және үстел теннисі бөлімі жаттықтырушыларын осы жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.