Адалдық алаңы жобасы аясында жемқорлыққа қарсы дөңгелек үстел өтті!

        2021 жылғы 01 ақпанда “Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мектеп-интернат-колледжі” РММ базасында (бұдан әрі – ОРРММИК РММ Алматы қаласы, Шаңырақ шағын ауданында) Адалдық Алаңы жобалық кеңсенің басшысы М. Б. Қамзолдаев, Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданында ОРРММИК РММ директоры Е. Т. Ибраимов, бас бухгалтер М. Айткалиева, кадрлар жөніндегі инспектор М. А. Балан, заңгер М. М. Сейдуалиева, экономист К.Ж Етекбаева, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер Е.М. Мақұлбековтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

         Отырыс барысында “Адалдық алаңы” – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі” жобалық кеңсесінің басшысы М.Б. Қамзолдаев жобаның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып, Алматы қаласының Шаңырақ шағын ауданындағы ОРРММИК РММ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасымен танысты. Алматы қаласының Шаңырақ шағын ауданындағы ОРРММИК РММ базасында “Адалдық алаңы” жобасының жұмысы аясында тарату материалдарымен қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қазақстандық заңнамадағы новеллалар туралы айтып берді. Сонымен қатар, Марат Болысбекұлы ОРРММИК РММ басшылығын проблемалық мәселелерді талдауға (“Өлі жандар” деп аталатындардың болуы, үлестес тұлғаларды жұмысқа орналастыру және т.б.) назар аударуға, мемлекеттік азаматтық қызметшілердің құқық бұзушылық жасауының алдын алуға, қызметкерлердің құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілігін” тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға шақырды. Басшылықпен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп тиімді және ашық бизнес-үдерістер құру қажеттілігі туралы, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелінің төмендеуіне алып келуі тиіс. Практикалық деңгейде бұл моральдық құндылықтардың қалыптасуына, адалдық пен төзімділікке байланысты.

         Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша жобалық кеңсенің басшысы М.Б. Қамзолдаев және Алматы қаласы Шаңырақ шағын ауданындағы ОРРММИК РММ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша, атап айтқанда семинарлар мен дәрістер ұйымдастыру, құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” мәдениетін қалыптастыру бойынша флешмобтар мен акцияларға қатысу (“сыбайлас жемқорлықты тоқтатамыз”, “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” және т. б.) бағыттары бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.