ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің #МеніңТәуелсіздіккеүлесім атты спорттағы жетістіктер акциясын қолдай отырып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» спортшыларының жеткен жетістіктері жайлы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз. 2007 жылы құрылған спорт-білім ордасынан көптеген спортшылар түлеп ұшқан. Қазақ спортының жарық жұлдыздары Жәнібек Әлімханұлы, Назым Қызайбай, Мейрамбек Айнағұлов, Кирилл Герасименко спортшыларымыздың ізін басып, Саматбек Ізімғали, Есім Тұрысбек, Сақыш Анель, Дамир Тойбай, Бейбарыс Жексен сонымен қатар мектебіміздің барлық спортшылары әлемдік ареналарда көк туымызды желбірететін жеңімпаздар қатарынан болуына тілектеспіз!