23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатында Аслан топ жарды!

Өскемен қаласында наурыз айының 1-4 жұлдыз аралығында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионаты өтті. Басты дода саналатын бұл чемпионатқа еліміздің барлық аймағынан 270 боз кілем шеберлері 10 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Ел біріншілігінен спорт мектеп-интернат-колледжіміздің балуандары тамаша нәтижелермен оралды. Жарыс қорытындысы бойынша 92 келі салмақ дәрежесінде ақтық бәсекеде белдескен Дзицоев Аслан жеңімпаз атанса, 57 келіде Еламан Қадырсейт күміс медаль иеленсе, Сейтбаев Әуез 65 келіде жарыс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола жүлдені қанағат тұтты. Сөз соңында балуандарымызды және еркін күрес бөлімінің жаттықтырушыларын айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда тек жеңіс тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.