8 наурыз халықаралық әйелдер күні!
Мекемеміздің жігіттер қауымы көктемнің ғажайып мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен ұжымымыздың аруларын құттықтады. Мектеп-интернат-колледжіміздің директоры Ернар Таласбекұлы әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, ұстаздық қызметтерін абыроймен атқарып, спорт саласында дарынды жастарды тәрбиелеу жолында үлкен жетістіктіктерге жеткен ұстаздарымызды, тәрбиешілерімізді және мекемеміздің көркеюіне үлес қосып келе жатқан қызметкерлеріміздің ерен еңбектерін атап өтіп, алдағы уақытта жұмыстарына шығармашылық табыс, отбасыларына бақыт пен береке тіледі. Сонымен қатар барша апаларымызды, аналарымызды, әпке, қарындастарымызды мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт, береке тілейміз! Ізгі ниетпен «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» ұжымы.