Наурыз мейрамына орай шаңғыдан жарыс!

«Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің базасында «Қазақстан Республикасының 30 жылдығы» аясында «Наурыз мейрамын» мерекелеуге арналған Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты мекемелер арасында шаңғы тебуден жарыс өтті. Ерлермен әйелдер арасында жарысқа түскен спортшыларымыз: Ибраев Бақытжан – күміс, Жақыпбек Асхат және Абдрешева Асем– қола медальға ие болды. Осы айтулы жеңістерімен мекеме қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жарыс қорытындысы бойынша:
Ерлер арасында:
1-ші топ 20-43 жас
I – орын “Алатау” қысқы спорт түрлері бойынша РЖСШМ қызметкері – Жусанбаев Сержан
II – орын Республикалық спорт колледжінің қызметкері – Закиров Жігер
III – орын “Шаңырақ” шағын ауданындағы “Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қызметкері – Жақыпбек Асхат
2-ші топ 43 жастан жоғары
I – орын “Алатау” қысқы спорт түрлері бойынша РЖСШМ қызметкері – Ситников Семен
II – орын “Шаңырақ” шағын ауданындағы “Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қызметкері – Ибраев Бақытжан
III – орын Қаркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қызметкері – Елубаев Серик
Әйелдер арасында:
1-ші топ 20-40 жас
I – орын Республикалық спорт колледжінің қызметкері – Жаубасарова Кристина
II – орын “Алатау” қысқы спорт түрлері бойынша РЖСШМ қызметкері – Балакан Үміт
III – орын “Шаңырақ” шағын ауданындағы “Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қызметкері – Абдрешева Асем
2-ші топ 40 жастан жоғары
I – орын “Алатау” қысқы спорт түрлері бойынша РЖСШМ қызметкері – Айдарова Назира
II – орын Қаркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қызметкері – Тулепбекова Салтанат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.