Жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты!

2021 жылдың 24-28 наурыз аралығында Тараз қаласында 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында еркін күрестен ҚР чемпионаты өтті . Бұл дүбірлі додада еліміздің барлық аймағынан жиналған балуандар өз бақтарын сынады. Чемпионат жоғары деңгейде өтіп, спорт мектеп-интернат-колледжіміздің балуандары 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша:

 I орын – Рахымбаев Әліби (51кг)

Серік Нұрасыл (60кг)

Жақсылық Муслим (80кг)

II орын – Анчугин Егор (65кг)

Оңал Досбол (110кг)

III орын – Қали Мағжан (60кг)

Сүлейменов Нұрдәулет (65 кг)

Абилтаев Жанқожа  (65кг)

Айтмухан Ризабек (92 кг)    

Спортшыларымызды және еркін күрес бөлімінің жаттықтырушыларын айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.