Грек-рим күресінің жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты!

Щучинск қаласында наурыз айының 27-30 жұлдыз аралығында грек-рим күресінен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР чемпионаты өтті. Жасөспірімдер арасында басты дода саналатын бұл біріншілікте еліміздің барлық аймағынан 2004-2005 жылы туылған жас балуандар бақтарын сынады. 10 салмақ дәрежесі бойынша 300 балуанның арасынан ел біріншілігінің чемпиондары анықталды. Шаңырақ спорт-мектеп-интернат-колледжіміздің атынан сыңға түскен спортшыларымыз жеңімпаздар қатарынан көрінді. Чемпионаттың қорытындысы бойынша жас балуандарымыз 4 алтын 1 күміс және 1 қола медальді спорт мектебіміздің қоржынына салды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

 I орын – Жұма Арсен (45кг)

Исмагулов Жарман (71 кг)

Бейбіт Қорған (80 кг)

Есім Тұрысбек (92кг)

II орын – Құрман Сейфулла (60 кг)

III орын – Дәулет Фрунзе (55 кг)

Чемпионатта тамаша нәтиже көрсеткен спортшыларымызды және грек-рим бөлімінің жаттықтырушылар құрамын құттықтай отырып, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған