Есенгелді Асылжан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері!

16-22 тамыз аралығында Ресей федерациясының Уфа қаласында еркін, грек-рим және әйелдер күресінен жастар арасында әлем чемпионаты өтуде. Бұл чемпионатта 50-ден аса елден келген 1500-ға жуық  жас балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпиондарын анықтауда. Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде ұлттық құрама сапында белдескен спорт мектеп-интернат-колледжіміздің 3 курс студенті Есенгелді Асылжан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Балуанымыз 3 кездесу өткізіп жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, қола жүлде үшін таласта әзірбайжандық Нұраддин Новрузовты 12:6 есебімен жеңіп, қола медальға ие болды. Спортшымызды және еркін күрес бөлімінің жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған