Емтихан 1 күн!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне» жас спортшыларды қабылдау науқаны басталды. Қабылдау емтихандары екі кезеңнен тұрады. Бүгін бірінші кезеңде жалпы дене дайындығы бойынша, жас спортшылар емтихан тапсырды. Емтихан кезінде тапсырылған жаттығу түрлері: 60,100, және 1000 метр қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, турникке тартылу. Бұл емтихан балалардың физикалық дайындықтарын тексеру болып табылады. Ертең емтиханның екінші кезеңі, арнайы дене дайындығы бойынша спортшылар өздері таңдаған спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетеді, ішінен озып шыққан үздіктері спорт мектебімізге қабылданады. Сонымен қатар емтиханға сарапшы ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Камзолдаев Марат Болысбекович қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.