Дилназ Мулкинова қола жүлдегер!
Ресей федерациясының Уфа қаласында күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионаты аяқталды. 76 келі салмақ дәрежесінде белдескен спорт мектеп-интернат-колледжіміздің 2 курс студенті Дилназ Мулкинова қола жүлдегер атанды. Қола үшін белдесуде моңғолиялық Одбог Улзитбатты мерзімнен бұрын жеңіп, жарыс сатысының үшінші орнына табан тіреді. Спортшымызды және әйелдер күресі бөлімінің жаттықтырушыларын сонымен қатар жеке бапкері Ринат Баймбетовты жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз.