Емтихан – арнайы дене дайындығы!
Cпорт мектеп-интернат-колледжімізге жас спортшыларды қабылдау науқаны аяқталды. Екі күнге созылған емтиханның алғашқы күні жалпы дене дайындығы бойынша жаттығулардан нормативтер тапсырылса, бүгін екінші күн арнайы дене дайындығы бойынша спорттың 13 түрінен мектебіміздің жаттықтырушылары мен арнайы құралған комиссия мүшелері жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларды қабылдайды.