Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан қыздарымыз жүлдемен оралды!

Бокстан Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында жастар және жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Азия чемпионатында спорт мектебіміздің боксшы қыздары тамаша нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер арасында ұлттық құрама сапында бес боксшы қызымыз шаршы алаңға шығып, 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді. Атап айтқанда Азия чемпиондары Жаңабаева Аружан (66 кг) және Әбілқайыр Үміт (81кг). Күміс жүлдегерлер Түркістанова Ақжан 75 келі және +81 келіде Рысбек Шұғыла. 70 келі салмақ дәрежесінде Сейдіш Бақыт қола жүлдегер атанды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен спорт мектеп-интернат-колледжіміздің спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр!

 Боксшы қыздарымызды және қыздар боксы бөлімінің жаттықтырушыларын айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілей отырып, келешек олимпиада ойындарында көк байрағымызды желберетіп, әнұранымыз шырқалады деген сенімдеміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.