Адалдық алаңы “Таза сессия” акциясы

         2021 жылдың 15 қазаны күні Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде  ( әрі қарай-Мекеме) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің өкілі Сақтағанова Айгүл Әбдіғаппарқызының, мекеме басшысы Ибраимов Е.Т, директордың орынбасарлары, бас бухгелтер, заңгер, мекеме колледжінің әдіскерлері және мұғалімдердің  қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

         Отырыс барысында А.Сақтағанова спорт мекеме ұжымына «Таза сессия» акция бойынша ақпарат берді, оның білім беру мекемесіне қандай маңызы бар екенін, өсіп кележатқан ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін қажет екендігін де түсіндіріп кетті.

         Отырыс барысында мекеме қызметкерлері мен А.Сақтағанова арасында жақсы қарым қатынас құрылып, бір біріне деген ұсыныстар мен тілектер айтылды.

         Кездесуден соң педагогика ғылымының кандидаты, профессор, ҚР еңбек сіңген жаттықтырушысы  М.Адамбеков “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің өкілі Сақтағанова Айгүл Әбдіғаппарқызына колледждің  оқу кабинеттерін көрсетіп, мекеме жас спортшыларының жетістіктерін көрсетіп шықты.

         Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің өкілі Сақтағанова Айгүл Әбдіғаппарқызы және мекеме өкілдері, студенттер жіне оқушылар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша, атап айтқанда семинарлар мен дәрістер ұйымдастыру, құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” мәдениетін қалыптастыру бойынша флешмобтар мен акцияларға қатысу, дөңгелек үстелдер өткізуге (“сыбайлас жемқорлықты тоқтатамыз”, “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” және т. б.) бағыттары бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.