Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты келесі жылға шегерілді!

Бокстан әйелдер арасында 2021 жылдың 6-19 желтоқсанына жоспарланған әлем чемпионаты кейінге шегерілді деп хабарлайды Olympic.kz. 

АІВА аталған турнирді өткізге бар күшін салғаныман, көптеген ұлттық федерациялардың өз елдеріндегі шектеулерге байланысты қиындыққа тап болғаны анықталды. 

Осыған орай, АІВА директорлар кеңесі Түркия ұлттық федерациясымен кеңесе келе, әлем чемпионатын 2022 жылға шегеру туралы шешім қабылдады. 

«Көптеген командалар жарысқа дайындалып жатқандықтан, олардың бұл жаңалықты ауыр қабылдайтынын білеміз. Алайда, спортшылар мен ресми тұлғалардың және өзге де ұйымдастырушылардың қауіпсіздігі бірінші орында. Сондықтан, біз тәуекелге бара алмаймыз», – деді АІВА президенті Умар Кремлев. 

Ақпарат Olimpic.kz сайтынан алынды!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған