Спорт саласының үздіктері марапатталды!

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің спорт саласының үздіктерін анықтаған іс-шара өтті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік меценат»,  «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы», «Жылдың үздік спорт ұйымы», «Жалпы білім беру ұйымының директоры», «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман», «Ауылдық жердегі үздік нұсқаушы-әдіскер», «Ауылдағы үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі», «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі»  аталымдарының иегерлері анықталып, жеңімпаздар диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып, өңірлерден жиналған сала мамандарына алғысын жеткізіп, барша қауымды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спорт пен балаларын спортына баса мән беріп, дамыту керектігін атап өтті. Біз баршамыз осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз қажет. Биылғы жылдың спорт үздіктерін анықтау кезінде «Ауылдағы үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі», «Жалпы білім беру ұйымының директоры», «Үздік меценат» номинацияларын қостық. Аталған аталымдар спорт саласында қызмет жасап келе жатқан азаматтарға үлкен серпін беріп, алдыға ұмытылуға септігін тигізеді деп сенемін. Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын!»-деді Вице-Премьер.

Елімізде спорт саласын дамыту, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың спорт саласындағы басты басымдықтардың бірі ретінде белгілеп берген – бұқаралық спортты дамыту жолында аянбай еңбек етіп,  халық игілігі үшін спорт ғимараттарын тұрғызу арқылы қолдау танытқан демеушілер мен ауылдық жерде дене шынықтыру мен спортты дамыту, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға баулу, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар төмендегідей марапаттарға лайық деп танылды.

«Үздік меценат»

Дәрібаев Нәлібай Үсенұлы- Түркістан облысы

Ақдрашев Ибрагим Шияпұлы- Атырау  облысы

Артемук Максим Федорович-Қостанай облысы

Утемуратов Алидар Булатович- Алматы қаласы

Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы- Алматы облысы

 

«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»

Жансақалов Ілияс Жеңісбайұлы-Жамбыл облысы

Қаженов Қасым Маратұлы- БҚО

Мәулен Нұрлан-Ақмола облысы

Ауғалиев Марғұлан Ерғалиұлы-Қарағанды облысы

 

«Жылдың үздік спорт ұйымы»

«Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ – Жабаев Нұрлан Жанпейсұлы (директор)- Шымкент қаласы

«Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Оралбеков Бұрхан (директор)- Атырау облысы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – Оберемко Денис Степанович (директор)- СҚО

«Мүгедектерге арналған облыстық мамандандырылған спорт мектебі» КММ – Бақтыбаев Ерлан Шәкіртұлы (директор)- Алматы облысы

 

«Жалпы білім беру ұйымының директоры»

Ермекова Гүлбахрам Серікқызы- Жамбыл облысы

Тойлыбаев Бауыржан Кыстаубайұлы-Ақтөбе облысы

Заруцкий  Анатолий  Карлович- СҚО

Сембаев Бекет Слямгазинұлы- Алматы облысы

 

«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»

Каленов Бағдат Кендебайұлы- Қызылорда облысы

Ернар Рахметқалиұлы- Атырау облысы

Шалхымбаева  Гүлмира Қойшыбайқызы- Нұр-Сұлтан қаласы

Сарықтов Саят Төлепбергенұлы- Алматы облысы

 

«Ауылдық жердегі үздік нұсқаушы-әдіскер»

Кошиков Жанат Мейрамович- Қарағанды облысы

Есенгельдин Арман Ибраимович- Павлодар облысы

Тлеубердинов Жанболат Актанович- Ақмола облысы

 

Ауылдағы үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі»

Мамедов Анатолий Геннадевич- Түркістан облысы

Джамбиров Адылмагамбет Ташполатович- Маңғыстау облысы

Купарев Александр  Алексеевич – Қостанай облысы

Дәулетов Тлеуберген Каржаубайұлы- Қарағанды облысы

 

«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі»

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі – Шабеев Ерлік Тоғанбайұлы (бөлім басшысы) -Жамбыл облысы

Мақат аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі – Есболов Нұрлан (спорт жөніндегі бас маман)- Атырау облысы

Солтүстік Қазақстан облысы  Ғабит Мүсірепов ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі – Минин Сергей Владимирович (бөлім басшысы)- СҚО

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме – Аубакиров Ерлан Жумажанович (бөлім басшысы)- ШҚО

Арнайы аталымдармен қатар Ұлттық спорттың дамуына зор үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасының Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар шарада спорт үздіктерімен қатар спорт журналистердің де еңбегі елеусіз қалмады. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» республикалық байқауының жеңімпаздары тәуелсіз спорт журналисі -Арыстанбаев Мадияр Қазбекұлы, Tenge Monitor газетінің бөлім меңгерушісі, журналист- Құмар Нұрлан, Zakon.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі – Ахметов Альберт Рашитович танылды.

Сондай-ақ шара барысында «Қолжетімді спорт» бағдарламасы мен «Leapy» спорттық қосымшаларының таныстырылымы өтті. Мемлекет Басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті «Қолжетімді спорт» бағдарламасын әзірледі.

Жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде халықты жаппай спортпен шұғылдануға тарту мақсатында тегін жаттығу сабақтарын өткізу жоспарда бар. Ал, жоғарыда аталған қосымша арқылы кез-келген адам өзіне жақын спорттық нысандар, жаттығу залдары сондай-ақ өзі қалаған спорт түрі бойынша жаттықтырушыны таба алады. Аталған жобалар келер жылы іске қосылады деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған