Елордада үстел теннисінен турнир өтті!

Бүгін  Елордадағы “Тәуелсіздік” сарайында мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінен турнир өтті.

Іс-шараға  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Nur Otan партиясы Төрағасының  Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және қала әкімі Алтай Көлгінов  қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

“Қайырлы күн құрметті спортсүйер қауым, жарысқа қатысушылар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында бұқаралық спортқа баса мән беруіміз керек- деген болатын. Осы тапсырманы орындау мақсатында бүгінгі таңда бірқатар жұмыстарды қолға алдық.
Үстел теннисі қазіргі кезде көпшіліктің  сүйікті спортына айналып үлгерді. Еліміз бойынша аталған спорт түрімен жүйелі түрде айналысатындар саны 106.000 (жүз алты мың)-ға жеткен. Ал  күнделікті айналысатын спортшылар саны 7000- нан асады.
Қазақстанда үстел теннисіне арналған арнайы 15-тен аса спорт нысандары жұмыс істейді. Олардың  үшеуі Қарағанды, Павлодар, Тараз қалаларында орналасқан кәсіби спорт кешендері. Үстел теннисі бүгінгі таңда бұқаралық сипат алып, қарқынды дамуда. Оған бүгінгі шара да дәлел бола алады.
Баршаңызды еліміздің төл мерекесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығымыен құттықтаймын! Егемен еліміз өркендей берсін!
Спортшыларымыз көк байрағымызды биікте желбіретіп, ән ұранымызды асқақтата бергей! Бүгінгі додада шын мықтылар жеңіске жетеді деген сенімдемін! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!”-, деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов .

Турнирге 80-нен астам мемлекеттік қызметші қатысты.

Турнирдің мақсаты мемлекеттік қызметкерлерді бұқаралық спортқа тарту, достық қарым-қатынас орнату.

Бүгінгі іс-шара Nur Otan партиясының бастамасымен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі және Нұр-Сұлтан қаласының үстел теннис федерерациясы қолдауымен өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған