Теннисші Елена Рыбакина рекорд орнатты

Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңарған рейтингті жариялады деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина апта сайын өз көрсеткішін жақсартуда. Қазіргі таңда ол рейтингте 12-ші орында тұр. Бұл отандық теннисте бұрын-соңды болмаған рекорд. 

Сондай-ақ, Юлия Путинцева бір саты жоғарылап, 42-ші орынға тұрақтады. Ал Зарина Дияс 104-ші орында. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.