Дәурен Абаев Алматы қаласындағы мәдениет және спорт нысандарын аралады

Алматы қаласында жұмыс сапары барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бір қатар спорт нысандарын аралады. Алматы қаласы “Шаңырақ” шағын ауданындағы “Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне” барды. Мекеме басшысы Ернар Таласбекұлы спорт мектебіміздің тыныс-тіршілігімен таныстырып, алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыстар бойынша ақпарат берді. Министр мекеме аумағында орналасқан ғимараттар мен спорт кешендерін аралап, спортшыларымыздың жаттығу процестеріне қатысты. Кездесу соңында министр жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.