Бокстан жастар мен жасөсірімдер арасында Азия чемпионаты!

Иорданияның Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Азия чемпионатында “Шаңырақ” спорт мектебінің боксшы қыздары тамаша нәтиже көрсетті. Спортшыларымыз бұл Азия чемпионатынан 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Азия чемпиондары:
1. Аружан Жанабаева (66 кг) жасөспірімдер арасында
2. Бақыт Сейдіш (66 кг) жастар арасында
II орын
1. Ұлдана Таубай (60 кг)
2. Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кг)
жасөспірімдер арасында
III орын
Шахназ Тайыржанова (52 кг) жасөспірімдер арасында
Анар Сәлімбай (57 кг) жасөспірімдер
Аруза Балғабек (60 кг) жастар арасында.
ҚР Мәдениет және спорт министрі, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының қолдауымен “Шаңырақ” спорт мектеп-интернат-колледжіміз көркейіп, спортшыларымыз жоғары жетістікке жетіп жүр. Боксшы қыздарымызды және қыздар боксы бөлімінің жаттықтырушылар құрамын айтулы жеңістерімен құттықтап, алдағы болатын жарыстарда да жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған