Еркін күрестен U17-U23 жас аралығындағы ҚР чемпионаты

Қызылорда қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ел біріншілігі өтті. 16 сәуірге дейін жалғасқан біріншілікте республикадан 1300-ге жуық боз кілем шеберлері қатысты. Еркін, әйелдер және грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты алғаш рет біріккен форматта U17, U23 екі жас ерекшелігі бойынша өтті. Аталған шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілді. Айтулы додада спорт мектеп-интернат-колледжіміздің жас балуандары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Алғашқы болып боз кілемде еркін күрес шеберлері белдесті. Еркін күрес балуандары бұл чемпионаттан 3 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
U17 жасөспірімдер
II орын:
Олжас Жауынбаев (48 кг)
Нұрдәулет Сейілбеков (65 кг)
Алишер Жолдасбай (71 кг)
III орын:
Нұрхан Атахан (55 кг)
Жанқожа Әбілтаев (65 кг)
Бекзатхан Тілеулесов (92 кг)
Айбат Ибраимов (110 кг)
U23 жастар
I орын
Асылжан Есенгелді (61 кг)
Ризабек Айтмұхан (92 кг)
Бекзат Тәжі (110 кг)
II орын
Дастан Сағындық (110 кг)
III орын
Елдос Момбек (61 кг)
Ерасыл Жандулла (65 кг)
Иассауй Мұхтарұлы (65 кг)
Ел біріншілігінде үздіктер қатарынан көрінген спортшыларымызды және еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылар құрамын құттықтап, алдағы болатын жарыстарда сәттілік тілейміз!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған