Жасөспірімдер арасында Жайлыбай Нұрмұхаммед топ жарып, 1 орынды, яғни алтын медальді иеленді
2022 жылдың 20 – 31 қазан аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында семсерлесуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы Өзбекстан Республикасының Кубогі өтті. Жарысқа 120 спортшы қатысты. Осы додада Қазақстаннан бес спортшы қатысып, соның ішінде үш спортшымыз біздің спорт мектебімізде білім алушы жас дарынды семсершілер екенін атап айтқымыз келіп отыр. Жасөспірімдер арасында Жайлыбай Нұрмұхаммед топ жарып, 1 орынды, яғни алтын медальді иеленсе, Станбек Султан 3 орын, қола медальімен қуантты.