Ауыр атлетика

Ауыр атлетика

Ауыр атлетика – әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штанга, гір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. Ауыр атлетикадан әлем (1898 жылдан), Еуропа (1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі. Ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және серпе көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары көтеріледі. Серпе көтеруде штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (1920) Қазақстан 1993 жылдан мүше. Қазақстанда ауыр атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 жылы өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954 жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль), шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу), ақмолалық Анатолий Храпатый (1988, Сеул), қызылордалық Илья Ильин (2008, Бейжің) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары атанған.

Ауыр атлетика спорт түрімен тыңғылықты дайындалу мақсатында мекемемізде арнайы зал салынған. Бұл жерде зіл теміршілеріміз білікті мамандардың қарауымен өздерінің жаттығуларын өткізеді. Ауыр атлетика залында осы спорт түремен шұғылдану үшін керекті жабдықтардың барлығымен қамтамасыз етілген. 

 

Жалпы спортшылар тізімі:

Колледж: студенттер саны:       

Контигенттің сапалық құрамы: СШҮ – , СШ –

Мектеп: оқушылар саны:

Контигенттің сапалық құрамы: СШҮ – ,  СШ –

Спортшыларымызбен біліктілігі жоғары жаттықтырушылар жұмыс істейді.