ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ "ШАҢЫРАҚ" ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ «ОЛИМПИАДА РЕЗЕРВІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА КОЛЛЕДЖ ТАЛАПКЕРЛЕРІН МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ- КОЛЛЕДЖГЕ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі-Колледж) оқуға қабылдаудың осы типтік ережесі бойынша, колледжге күндізгі оқу бөліміне толық орта білім алған (11 сынып) талапкерлер қабылданады. Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне түсетін талапкерлер ішінде Олимпиада ойындары және Азия ойындары, Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Қазақстан Республикасының чемпиондары және жүлдегерлері халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер және спорт түрлері бойынша Ұлттық құрама командаға, жастар құрама командасына енген спортшылар басым құқыққа ие болып табылады.
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу:
«ОРРММИК» РММ-нің 2022-2023 оқу жылына төмендегі мамандық бойынша студенттер қабылдайды:
МАМАНДЫҒЫ – 4S01140503 – «Дене тәрбиесі және спорт»;
БІЛІКТІЛІГІ: 4S01140503 – «Спорт жаттықтырушысы – оқытушы»;
Оқыту формасы: – күндізгі, қазақ, орыс тілдерінде оқыту.
Нормативті оқыту формасы: 2 жыл 10 ай
Оқыту базасы: жалпы орта білім
Құжаттар 2022 жылдың 20-шы маусымы мен 20-шы тамызы аралығында қабылданады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: 09.00-17.00, үзіліс 13.00-14.00 аралығында. Сенбі күндері комиссия 09.00-13.00 сағат аралығында жұмыс істейді.
Талапкерлер келесі құжаттарды беруі қажет:
1. Еркін нысадағы өтініш.
2. Оқуға түсушінің жеке басын куәландыратын құжат.
3. Жалпы орта білім туралы аттестат.
4. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болған жағдайда).
5. “Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері”, “Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері”, “Қазақстан Республикасының спорт шебері”, “Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат” келесі спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы куәліктің көшірмесі немесе бұйрықтың (бұйрықтан үзінді) көшірмесі.
Спорттық атақты беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді уәкілетті органның мөрімен расталады, спорттық разряд беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе бұйрықтан үзінді жергілікті атқарушы органның мөрімен расталады.
6. 3х4 өлшемдегі алты фотосурет.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының түпнұсқасы, атап айтқанда, № 075/у нысандағы медициналық анықтамасы (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) қанның, несептің жалпы талдауының деректері өтінім беру күніне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, туберкулезге қарсы маманның (фтизиатр) (тұрақты Манту реакциясы жағдайында) қорытындылары), № 052/е нысаны бойынша амбулаториялық науқастың медициналық картасы (бар болған жағдайда), № 065/е нысаны бойынша профилактикалық екпелердің картасы, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай туралы медициналық анықтама, жүректің, бүйректің, ішектің мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі туралы медициналық қорытындылары, электроэнцефалограф негізінде жасалған медициналық қорытындысы, сондай-ақ мидың магниттік-резонанстық көрінісі туралы қорытындысы (бокс бөліміне түсу кезінде);
8. ОРММИК-ке оқуға түсушілер үшін бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбесіне енгізілген халықаралық немесе республикалық немесе облыстық спорттық жарыстарда жүлделі орын алғаны туралы куәландыратын дипломдардың, грамоталардың, жарыстар хаттамаларының көшірмелері (бар болған жағдайда).
9. Нысан бойынша толтырылған спортшының жеке карточкасы.
Үміткерлер медициналық тексеруден Алматы қаласында орналасқан «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК өтуі міндетті.
Қабылдау емтихандары 2022 жылдың 24-25 тамызы аралығында өткізіледі:
1. Жалпы физикалық дайындық бойынша емтихан
2. Таңдалған спорт түрі бойынша арнайы және техникалық дайындық бойынша емтихан
Мекен-жайымыз: Алматы қ., «Шанырақ» шағын ауданы Өтемісұлы к-сі, 71 үй
Анықтама телефондары: 8(727) 245–86–73, e-mail: shanyrakinternat@mail.ru
Мекен жайымыз: Алматы қ., “Шаңырақ” ықшам ауданы, Өтемісұлы көшесі №71 үй.
Байланыс телефоны: 8 (727) 245-86-73
e-mail: shanyrakinternat@mail.ru