Тарихы

Алматы қаласы “Шаңырақ” шағын ауданындағы “Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі”  республикалық мемлекеттік мекемесі

ТАРИХЫ

2007 жылдың жазында Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен  6,3 га аумақты алып жатқан Алматы қаласының “Шаңырақ” ықшам ауданы ” Дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған мектеп–интернат ” ашылды.

2012 жылы Алматы қаласы “Шаңырақ” шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі  РММ мәртебесін алды.Бастапы жылы 236 жас спортшы қабылданды. Балалардың бір  бөлігі К. Ахметов атындағы спорттық мектеп-интернаттан  ауыстырылды,  қалған балалар  Алматы, Алматы облысы және Қазақстанның барлық өңірлерінен келген. Көбі келген балалар разрядтар, атақтар болған жоқ, бірақ  жақсы физикалық дайындықтықпен  және сүйікті  спорт түрімен айналысатын үлкен тілек болады.

Төмендегідей спорт  түрлері ашылды: 

  • еркін күрес
  • бокс
  • грек-рим күресі
  • жүзу
  • таэквондо
  • стол теннисі
  • баскетбол

Спорт мектебінің бірінші жетекшісі Нуржанов  Самат  Гилманұлы,  кезінде жүргізілген бірінші мектебінің тәрбиеленушілері жинағы жасалды және жаттықтырушы-оқытушылар құрамы құралды. 2008 жылдың қазан айында  директор қызметіне  Иманқұлов Асқарбек Ысқақұлы   келді.Мектеп бос жерге және құнарсыз шөпсіз адаңға салынды .

Иманқұлов А. Ы басшысы қызметінде  отырғалы ғимараттар мен оған іргелес жатқан аумақ жасыл, гүлденген аумақа айналды.

Мектеп оқушылары халықаралық жарыстарда қатыса бастады. Айгалиева Эльмира бірінші рекордсмен жүзу бойынша , Азия ойындарының, Әлем чемпионатының алғашқы жеңімпазы мен жүлдегері.

2009 жылдан бастап спорт мектебінің базасында жұмыс істейді, Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп- интернат – колледжі» РРМ- нің  спорт даңқы мұражайы ашылып,қазіргі таңда да өз жұмысын жалғастыруда. 

Мектеп-интернатының  базасында 2012 жылы колледж құрылған. Үздік тәрбиеленушілері – мектеп түлектері атауына  ие болда отырып, ал соңында колледж (бірінші шығарылым –2015 жылы) студенті атанып,одан үздіктері мектепте жаттықтырушы қызметіде берілді. Балаларға деген махаббат, сүйікті спортына деген қызығушылық  ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мекемемізге деген және мектептәі жұмысына деген жоғары бағалау 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бізге келуі болды.            

2013 жылдан бастап қазіргі уақытта бұл мекемені Төлеков Қанат Сыздықұлы басқарып келеді. 2014 жылдан бастап Қанат Сыздықұлының басшылығымен жаттықтырушылар ұжымы бокстан Әлем чемпиондарын даярлап шығарды:Әлімханұлы Жәнібек және Қызайбай Назым. 

2014  жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша «Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп- интернат – колледжі» РРМ-н «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша марапатталды.Қазіргі таңда ОРРММИК РММ –де 440 оқушы14 спорт түрі бойынша  тәрбиеленіп жатыр. Олар – еркін күрес, әйелдер күресі, бокс, әйелдер боксы, садақ ату,жүзу,грек- рим күресі, семсерлесу, таэквандо, байдарка мен каноэде есу, стол теннисі, биатлон, ауыр атлетика, футбол